28 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 2-сыныптар арасында «Бірлік пен үйлесім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, достық туралы әндер айтып, ұлттық билерді орындады. Балалар ұлттық киімдер киіп, мерекенің сәні мен салтанатын арттырды.
Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, барлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл шара балалардың бойында достықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптеуде үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.
https://www.instagram.com/reel/DJBnxMmMa6C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==