2025 жылдың 9 сәуір күні №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері «Бала Абай» эксперименттік жоба аясында Абай Құнанбайұлының шығармашылығында орын алған ұлттық құндылықтар арқылы ұлтжанды тұлғаны адалдық пен адамдыққа тәрбиелеу мақсатында «Абай шығармаларындағы құндылықтар – тәрбие бастауы» атты қалалық семинар өткізді.
Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері Ұ.Е. Алимсакова, Г.Ж. Боранова, А.Ш. Сартай, К.М.Тлеукабылова жоғары деңгейде ашық сабақтар жүргізді. Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Маман Жанар Сейтахметқызы, №87 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Бала Абай» жобасын құрастырушы Габдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы, қала мектептерінің мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері қатысып, өз ойларын ортаға салып, кері байланыс берді.
https://www.instagram.com/reel/DIO-X4dMUnV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
- Басты бет
- /
- Бала Абай
Бала Абай
