• Басты бет
  • /
  • Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру

2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында «Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мен «№32 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесе ұйымдастырды.
Семинар бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдістемелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаңға айналды. Сондай-ақ ішкі және сыртқы бағалауды үйлестіру жолдары да жан-жақты қарастырылды.
Шара барысында қатысушылар өздерінің авторлық жұмыстарын таныстырып, оқыту үдерісіндегі жетістіктер мен кездескен қиындықтар төңірегінде пікір алмасып, практикалық кейстер ұсынды.
Бұл басқосу – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.

https://www.instagram.com/reel/DJELOt8M_1K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==