• Басты бет
  • /
  • “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз”
“Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз”

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты челлендж жалғасуда
“Адал ұрпақ” еріктілер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты челлендж өз жалғасын табуда. Челлендждің басты мақсаты – оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу.
Аталған челленджге оқушылар ерекше белсенділікпен қатысып, түрлі флэшмобтар ұйымдастыруда. Олар плакаттармен, ұрандармен, бейнероликтер арқылы өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын білдіруде.
Бұл шара жас ұрпақтың бойына әділдік, адалдық, жауапкершілік секілді қасиеттерді сіңіруге бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DI0ywUYsMiR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==