• Басты бет
  • /
  • КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ БІЛІКТІ МАМАН БОЛУҒА ЖОЛ АШАДЫ
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ БІЛІКТІ МАМАН БОЛУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Технологияық колледж өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері елордадағы №32 мектеп-гимазия оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, 9-сынып оқушыларына оқу ордасында оқытылатын мамандықтармен таныстырды. Сондай-ақ, түрлі шеберлік сағаттарын өткізді. Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, өз қызығушылықтарына сай мамандықтарды игеруге бағытталған. Шеберлік сағаттары барысында колледждің тәжірибелі мамандары мен студенттері өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, кәсіби бағыттағы түрлі пәндер мен шеберліктерді таныстырды. Оқушылар техникалық және шығармашылық мамандықтар туралы тереңірек түсінік алып, болашақта қай салаларға қызығушылық танытуы мүмкіндігін айқындады. Кәсіптік бағдар беру барысында оқушылар өздерінің армандарын жүзеге асыру үшін қандай бағытта білім алып, қалай табысты маман болуға болатыны туралы нақты кеңестер алды.

https://www.instagram.com/reel/DI9G972s-Wp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==