«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №5 Балалар кітапханасында 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай “Мен ғарышкер боламын” атты іс-шара өткізілді.
Іс -шараның мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және Қазақстан ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
Аталған іс-шараға мектебіміздің 6-сынып оқушылары қатысты. Балаларға Ғарышқа қатысты деректі фильмі көрсетілді.
Оқушылар белсене қатыса отырып қызықты сұрақтарға және сөзжұмбақты шешуін таба отырып, өз ойларын толықтай жеткізді.
Іс-шара өте қызықты әрі пайдалы өтті. Балалардың космонавтикаға деген қызығушылығы артты, олар жаңа білімдер мен дағдылар алды.
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері С.Т. Жетбисова, Г.А.Муратбекова
https://www.instagram.com/p/DIaa0b7ioQ6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
- Басты бет
- /
- Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
