2025 жылғы сәуір айының 26 күні «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында №32 мектеп-гимназиясының аумағында қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, тазалыққа тәрбиелеу және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру.
Сенбілікке мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар және еріктілер қатысты. Қатысушылар мектеп ауласын, жасыл аймақтарды, спорт алаңдарын және мектеп маңындағы аумақтарды тазалап, қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, мектеп бітіруші түлектер ата-аналарымен бірге келіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл игі іс олардың туған мектепке деген алғысын білдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дәстүрге айналмақ. Әр отырғызылған ағаш – табиғатқа қосылған үлес қана емес, сонымен бірге жүректен шыққан шынайы сый болды.
Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше байқалды. Мектеп директорының айтуынша, мұндай шаралар балалардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамда жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Сенбілік достық пен бірліктің мерекесіне айналып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар өз жалғасын таппақ.
https://www.instagram.com/reel/DI5zMM_MxrQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==