Жол қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ іс!
Алматы ауданында “Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторлары” байқауы өтті. Бұл шара 14-16 жас аралығындағы оқушылар арасында ұйымдастырылып, оған аудан көлеміндегі 14 мектеп қатысты. Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Аталған байқауда №32 мектеп-гимназиясының командасы да белсене қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Команданың сапында өнер көрсеткен 6 “Қ” сынып оқушысы Мықтыбек Эльнара “Үздік командир” номинациясын жеңіп алып, жоғары марапатқа ие болды. Бұл жетістік – жас инспектордың жауапкершілігі мен көшбасшылық қабілетінің айқын дәлелі.
Сондай-ақ, жас жол инспекторларының жетекшісі Саркөбен Айдана Амантайқызы байқауға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен және арнайы марапатпен марапатталды.
Мұндай байқаулар оқушылардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне үлкен мүмкіндік береді. Жол ережесін білу – қауіпсіздік кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/p/DIYtF68MKO1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==